25.05.2018, 17:22
Оқылды: 23

Оралда күйеу баласы оқ атқан қария ауруханада көз жұмды

Оралда күйеу баласы оқ атып, жаралаған ер адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 66 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханада 24 мамыр күні түнгі сағат 01.00-де қайтты.

Оған ауруханаға түскен бойда алты сағатқа созылған ота жасалған болатын. Одан кейін екінші ота өткен аптада жасалды.

Еске сала кетейік, күйеу баласы оқ атқан оралдықтың жағдайы ауыр екендігін бұдан бұрын жазған болатынбыз. Ол әуелі енесін атып өлтірген еді. Қазіргі кезде екі айға қамалған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале