26.04.2021, 13:03
Оқылды: 510

Оралда республикалық «ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысы өтеді

«Аssyltas» қорының қолдауымен 5 маусымда Орал қаласында республикалық «ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы бізге белгілі ақын Бауыржан Халиолла хабарлады.

айт

Аламан айтыс шеңберінде ақындардың үшінші легі 5 маусым күні Орал қаласында бас қосады. Олардың қатарында танымал айтыскер ақындарға қоса, жас таланттар да бар.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бастау алған «ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысы қазақтың айтулы ақындары Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына, белгілі ақын Жүрсін Ерманның 70 жасқа толу мерейтойына арналып отыр.

- 4 кезеңнен тұратын «ASSYL DOMBYRA» сайысының әр кезеңі 16 ақын, барлығы 48 ақынды қамтиды. Финалдық кезеңге 24 ақын жолдама алады. Финалдық кезең тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында өтеді. Бас жүлде иегеріне асыл тастармен көмкерілген домбыра табысталмақ. Сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты ақшалай немесе басқа да жүлдеге ие болады.

Ал Оралда өтетін айтыстың 3 кезеңіне 16 айтыскер ақынға қоса, республикамыздың түпкір-түпкірінен 30-ға жуық мейман келеді деп күтілуде. Барлық қаржылай шығынды «Аssyltas» қоры көтеріп алып отыр, - дейді Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалының төрағасы, ақын Бауыржан Халиолла.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале