9.06.2022, 16:00
Оқылды: 103

Оралдық оқушылардың стартап жобасы Demo Day алаңында үздік атанды

«Caspian Startup-2022» халықаралық байқауында Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркімения қатысушыларымен бірге табысты өнер көрсетті.

IMG-20220608-WA0041

Бұл күні алғаш рет Зияткерлік мектептер мен Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған жаңа жобаның қатысушыларын біріктіретін Demo Day шарасы да өтті. Үш ай бойы NIS оқушылары Astana HUB-та онлайн оқудан өтіп, тәлімгерлермен бірлесіп өз жобаларын әзірледі, келешегі зор жобалардың авторлары өз жетістіктерін көрсетіп, қорғау үшін Ақтауға келді.

Demo Day алаңында ұсынылған жобалардың ішінде Оралдағы NIS командасының «NFT-будильник L7RK» стартапы үздік деп танылды. Команданың әрбір мүшесінің өз міндеттері бар: Аделя Шаукенева топ көшбасшысы болса, Алмас Сапаров пен Азамат Оразғали мобильді жасақтауға жауапты, Ернұр Нәпісқали веб-дизайнер және фронтенд, Абылай Мәметан – аналитик маман.

IMG-20220608-WA0043

Жоба бойынша пайдаланушылар ұйқыдан ерте тұру үшін NFT оятқыштарын сатып ала алады. Арнайы тексерістің көмегімен ерте оянғанын дәлелдеген жағдайда, бағдарлама арнайы токендерді қолданушы пайдасына есептейді. Әрі қарай пайдаланушы оларды цифрлық долларға айырбастап, кейін бұл ақшаны басқа цифрлық әмияндарға аудара алады.

IMG-20220608-WA0042

Жеңімпаздар мобильді қосымшаны әзірлеуді аяқтап, Astana Hub-тың BlockChain Battle-дабақтарын сынап көруді жоспарлап отыр. Ұл-қыздардың жетекшісі, мектеп мұғалімі Орал Кдиршаев түрлі байқаулар стартапты қалай бастау, өз өнімін таныстыру және компаниялармен қарым-қатынас орнатуға үйрететінін айтады.

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале