22.11.2026, 12:00
Оқылды: 0

Түн ортасына дейін жұмыс істейтін ұлттық кітапханаларға келушілер көбейді

13 қарашадан бастап жұмыс уақыты сағат 00:00-ге дейін ұзартылған Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасына келушілер саны айтарлықтай өсті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Students hand with smartwatch picking book from bookshelf at the university

Фото: istockphoto.com

Жаңа кесте енгізілген алғашқы бес күнде Алматыдағы Ұлттық кітапханаға сағат 20:00-ден кейін келген оқырмандар қатары 45-тен 600 адамға дейін жетсе, елордалық кітапханада бұл көрсеткіш кей күндері 480 адамнан асты.

​Кешкі уақыттағы қызмет әсіресе студенттер, магистранттар, зерттеушілер мен жұмысбасты азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие.

Ведомство мәліметінше, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау мақсатында жұмыс ауысымдық кесте бойынша ұйымдастырылып, түнгі ауысымнан кейін мамандарды үйлеріне қауіпсіз жеткізу үшін арнайы көлік қарастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале