22.09.2026, 11:30
Оқылды: 7

Үкімет отырысы: жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының нәтижесінде ЖКО, зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны азайды

ІІМ автомобиль жолдарындағы орташа жылдамдықты бақылау учаскелерінің санын арттырады.

5300741413324659558

Елімізде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен мамандандырылған бағдарламалық кешендерді қолдану кеңеюде. Атап айтқанда, барлық салалық сервистер «ТОР» платформасында біріктірілген.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында қабылданған шаралар нәтижесінде жол апаты көрсеткіштерінің төмендеуі байқалғанын хабарлады:

- жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға;
- қаза тапқандар саны – 15%-ға;
- зардап шеккендер саны – 6%-ға азайды.

«Жасанды интеллектіні қолдану арқылы көліктерге бақылау жүргізіледі, 8 сағаттан артық рөлде отырған адамдар, сондай-ақ ұрланған автокөліктер анықталуда. “Қорғау” жүйесі арқылы іздеуде жүрген, жалған нөмір тағып алған көліктерді және “өрескел” бұзушыларды анықтаймыз. Жол ережесі бұзушылықтарын автоматты түрде анықтайтын жүйелерді дамытып жатырмыз. Олардың санын 28 мыңнан 32 мыңға дейін жеткіздік», — деді Ержан Сәденов.

Сонымен қатар ол республикалық трассаларда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі қолданылатынын атап өтті. Дәл осы жүйе орнатылған учаскелерде жол-көлік оқиғалары саны – 10%-ға, қаза тапқандар – 33%-ға, жарақат алғандар – 12%-ға азайды.

«Бүгінгі таңда бұл жүйе – ұзындығы 2 800 шақырымды құрайтын, 12 учаскеде бар. Жыл соңына дейін, Көлік министрлігімен бірге, тағы 16 учаскеде орнатамыз. Ол қосымша 2 800 шақырымды қамтиды. Осылайша, орташа жылдамдықты өлшейтін құралдар – барлығы 5 600 шақырымды құрайтын 28 учаскеде орнатылады», — деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале