10.06.2026, 10:00
Оқылды: 14

«WornerBros» ісі бойынша ҚМА криптоактивтерге тыйым салды

Қызылорда қаласында «WornerBros» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғаға қатысты сот үкімі шықты, - деп жазады Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
_gluster_2026_6_10_8db6f15537dbf3f56ff2866b56651a66_1280x720
Сурет: gov.kz

Тергеп-тексеруді ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізді.

Ұйымдастырушы азаматтарды «WornerBros» платформасы арқылы қысқа бейнероликтер мен фильмдерді көргені үшін табыс табуға болады деген желеумен қаржы пирамидасына тартқан.

Қатысушыларға рефералдық сілтеме арқылы тіркеліп, құны 10 мың теңгеден 11 млн теңгеге дейінгі VIP-пакеттердің бірін сатып алу ұсынылған. Бұл ретте күніне 735 мың теңгеге дейін табыс түсетіні уәде етілген.

Әрбір жаңа қатысушы үшін бонус төленіп отырған, бұл азаматтарды жүйеге тұрақты түрде тартуға ынталандырған.

Схеманы насихаттау үшін WhatsApp топтары, әлеуметтік желілердегі жарнамалар және үгіт-насихат кездесулері пайдаланылған.

Тергеу барысында салымшылардың қаражатын жинақтау және аудару үшін қолданылған криптоәмияндар анықталды.

Сот санкциясымен 3 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ 24 жәбірленушінің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале