10.06.2026, 9:06
Оқылды: 152

Жаңақазан ауылы маңындағы қайғылы оқиға: үш жасөспірім қаза тапты

Кеше кеште Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші өзен өзенінде судағы қайғылы оқиға орын алды.

Man drowning in out door swimming pool while swimming alone, show two hands and asking for help

Сурет: istockphoto.com

БҚО ТЖД 112 жедел кезекшісінің пультіне аудандық полиция бөлімінен 2008 және 2009 жылы туған үш жасөспірімнің арнайы жабдықталмаған әрі шомылуға арналмаған жерде суға түсу кезінде суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Аталған аумақта суға түсуге тыйым салынғаны туралы ескерту белгісі орнатылған.

Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Алайда ТЖМ бөлімшелері жеткенге дейін қаза болғандардың денелері жергілікті тұрғындардың күшімен судан шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

ТЖМ ескертеді: арнайы жабдықталмаған және шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Су айдындарында тек ресми түрде рұқсат етілген орындарды таңдаңыздар. Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

 

БҚО ТЖД

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале