1.10.2026, 15:15
Оқылды: 10

«Жайна, өмір»: қариялар үйінде әлеуметтік - қайырымдылық шарасы өтті

Орал қаласында Қарттар күніне орай Қариялар үйінде «Жайна, өмір» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті.

9043e0b4-01a2-4993-bb2c-6cc783ca26a6

Шараға «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Бауржан Бектұрған, партияның Саяси кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Гүлжайна Нұрпейісова, мемлекеттік мекеме басшылары, Қариялар үйінің қызметкерлері мен тұрғындары қатысты.

83944421-f416-43de-8428-2f2927ca1682

Іс-шара барысында тұрғындарға арналған «Қамқорлық тынысы» тұзды бөлмесінің салтанатты ашылуы өтті. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне арналған демалыс бөлмесі таныстырылды.

Шара аясында Қариялар үйінің 105 жастағы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Чегнахаевамен кездесіп, арнайы кресло мен сыйлықтар табысталды.

c4bcba3f-4c30-495b-9945-32448121fa8c

«Қарияларымыз – халқымыздың қазынасы. Сіздердің өмір жолдарыңыз бен жинаған тәжірибелеріңіз кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Баршаңызды Қарттар күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Аға буынға қамқорлық көрсету – баршамызға ортақ міндет», – деді «Әділет» партиясы БҚО филиалының басшысы Бауржан Бектұрған.

Өз кезегінде Қарттар үйінің тұрғындары көрсетілген қамқорлыққа алғыстарын білдірді.

«Бізге осылай көңіл бөліп, жағдайымызды жасап, денсаулығымызды ойлап жатқандарыңызға үлкен рақмет. Жаңа тұзды бөлменің ашылғанына қуаныштымыз. Мұндай қамқорлық біз үшін өте маңызды», – деді мекеме тұрғындары.

186de0d0-ea8a-4b8f-ad04-a900e74d8a17

Іс-шараға демеушілік көмек көрсеткен жеке кәсіпкер, «Әділет» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Гүлжайна Нұрпейісоваға алғыс хат табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, тұрғындар үшін арнайы фотосессия ұйымдастырылды.

"Әділет" партиясы БҚО филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале