11.06.2020, 14:26
Оқылды: 106

"Жазатайым оқиғаларға көбінесе өзіміз, дәлірек айтқанда, біздің қамсыздығымыз бен мәдениетсіздігіміз кінәлі", – дейді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Н.Таубеков

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі алаңында өрттің қауіпті кезеңі, өрт оқиғаларының алдын алу тақырыбында брифинг өтті. Спикер ретінде БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков қатысып, сөз сөйледі.

CHES

Департамент бастығы орынбасарының айтуынша, ағымдағы жылдың өрттің қауіпті кезеңі басталғалы облыс аумағында 3 орман өрті және жалпы ауданы 1946 гектар аумақты қамтитын 119 табиғи жану тіркелді.

Жазғы өрттің қауіпті кезеңінде құрғақ шөптер көп жағылатындықтан өрттер саны күрт өседі. Барлық жерде, автомобиль жолдарының бойында, шалғындарда, алаңдарда қоқыс, шөп қалдықтары және үй-жайларға іргелес аумақта, әртүрлі меншік нысандарында қоқыс жағылады. Бұл шаруашылықтар үшін де, жеке үй жанындағы учаскелердің иелері үшін де қалыпты жағдай болып келеді.

2020 жыл басталғалы облыста 195 өрт оқиғасы тіркелді (2019 – 234), оның ішінде тұрғын үй секторында – 134 (2019-158):

35 - тұрғын үй (2019-49);

12 -  көпқабатты үйлер (2019 -18);

60 - монша, шаруашылық құрылыстары, гараждар (2019-78);

27 - шөп (2019 -13).

Өкінішке орай өрт салдарынан 3 адам қайтыс болды, 7 адам жарақат алды (2019 – 13).

Шығындар сомасы - 2 704 815 теңге (2019 – 9 908 950 теңге).

Қаза тапқан балалар тіркелген жоқ.

Орман өрттері – 3 (2019 – 2).

Табиғи жанулар саны – 119 (2019 – 115).

Көбінесе адамдар өз иелігін және оған іргелес аумақты жинамақ болып тұрмыстық қоқыс пен құрғақ шөпті өртегенде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, мүлкіне ғана емес, өмірлеріне қауіп төндіреді немесе ауыр жарақат алады.

Мысалы, ағымдағы жылдың 6 маусымында 1975 жылы туған БҚО азаматы жалыннан ІІІ дәрежелі күйік алып, қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Бұл азамат тұрмыстық қоқыстарды өртеп жатқанда күйікке шалдығып жазым бола жаздады.

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес аумақты жанатын қалдықтардан, қоқыстан, жапырақтардан және құрғақ шөптен уақтылы тазартуды қамтамасыз ету қажет. Қалдықтарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден кем қашықтықта орналасқан жерлерде жағуға болмайды. Құрғақ, ыстық және желді ауа райы кезеңінде, сондай-ақ қоныстар аумағында ерекше өртке қарсы режимді енгізу кезеңінде белгілі бір учаскелерде алау жағуға, өрт қауіпті жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райы кезінде, сондай-ақ ерекше өртке қарсы режимді енгізу кезінде қоныстар аумақтарында белгілі бір учаскелерде алау жағуға, өртке қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

Егер үйіңіздің жанында қоқыс немесе құрғақ шөп жанып жатқанын байқасаңыз, өртті бұтақтармен сабап, топырақпен жауып, су шашып, өз бетіңізше сөндіріп көріңіз. Бой бермей бара жатса дереу өртке қарсы қызметтің "101" немесе "112" телефон номеріне қоңырау шалып, оқиға орнын, нақты мекенжайды айтып хабарлаңыз.

– Карантиндік шектеулердің біртіндеп жеңілдеуіне байланысты тұрғындардың табиғат аясында демалуы да жиілеуде, далада алау жағып, темекі шегеді және т.б. Сондықтан табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды.

Өрттің себепшісі, кейде құрбандары балалар екені алаңдатады. Күн жылынып, карантин жеңілдетілгелі балалар бос уақыттарының көп бөлігін көшеде өткізеді. Ата-аналары тарапынан тиісті көңіл бөлінбейтінін пайдаланып, достарымен от жағуға әуестенеді. Мұның соңы үлкен өртке, қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін.

Біздің әрқайсымыз өрттің қаупін, оның алдын алудың маңызды екенін түсінуіміз керек. Себебі жазатайым оқиғаларға көбінесе өзіміз, дәлірек айтқанда, біздің қамсыздығымыз бен мәдениетсіздігіміз кінәлі, – деді Н.Таубеков.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале