Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Жоғары аграрлық-техникалық колледжі – агроөнеркәсіп, құрылыс және мұнай-газ саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын егеменді еліміздің белді оқу орындарының бірі. Колледж қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 2016 жылдан бері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы құрамына кіреді.
Бүгін бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төраға орынбасары Н.Өтешев, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы төрайымы А.Мұқашева, «Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрайымы А.Есекенова, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Даупаев, Жоғары аграрлық-техникалық колледжі директоры С.Мұхамбеталиев және бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелері қатысты.
Жоғары аграрлық-техникалық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес мынадай әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер жүргізілетіні туралы, тепе-теңдік негізде келісім комиссиясы мен өндірістік кеңес жұмыс істейтіні жайында атап өтті. Сонымен қатар «Келешек» жастар ұйымның мүшесі Ж.Жанибекова өз пікірімен бөлісіп, жас мамандарға көрсетілетін қолдау үшін алғыс білдірді.
Кездесудің қорытынды бөлігінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы төрайымы Айгүл Мақсатқызы білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша тоқталып, келесі 2022 жылдан бастап ұзақ уақыттан бері шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі – мектеп мейірбикелері, есепшілері, кіші қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өсетінін атап өтті.