22.09.2026, 11:15
Оқылды: 8

Жылу беру маусымы: Олжас Бектенов Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аударуды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

5300741413324659550

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, Павлодар облысында жылу беру маусымы басталды. Осы аптаның соңына дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына, ал 1 қазанға дейін солтүстік және шығыс өңірлердің қалған бөлігіне жылу беру жоспарланып отыр.

Жалпы барлық өңірде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жұмыстар толық аяқталды. Энергия көздерінде жылу беру маусымын бастауға қажетті отын қоры мен жабдықтар дайын.

Осы ретте, Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында дайындық жұмыстары әлі толық аяқталмаған.

«Министрдің баяндамасында айтылды, бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жылу беру маусымы бойынша бақылау мен үйлестіру мәселелері Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале