20.06.2023, 10:30
Оқылды: 2346

А.Иманова атындағы жол-көлік колледжінің студенттерімен кездесу өтті

2023 жылдың 15 маусымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен А.Иманова атындағы жол-көлік колледжінің студенттері үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырды.

401157ab-9c4f-42b0-a980-23c0be5f0865

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің бойында парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының бас маманы Ринат Мұратов қатысты.

Кездесу барысында Ринат Мұратов Мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарына тоқталды.

d15d543e-c5a9-43c1-8200-830feb9ae07e

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Тұрғындар өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Кездесу барысында студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, сонымен қатар қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне қатысты өз сұрақтарына жауап ала алды.

Кездесу соңында cтуденттерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағыттылған әулеметтік бейнеролик көрсетілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале