25.08.2023, 16:10
Оқылды: 7

БҚО-да тамыз апгрейді өтті

 Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы жұмысын бастады. Биыл ол «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт»  ұранымен өтуде.

b7674f4f-9c34-48a5-a80f-2dc43d35c5c0

Барлық 20 аймақ тақырыптық бағыттарға бөлінген. Біздің облыста «Білім саласындағы басқару негіздері» тақырыбы.

Конференция жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров қатысты.

Ағымдағы жылы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 511 млн. 980 мың теңге бөлінді (бейнебақылау жүйесі, бейнебақылау жүйесін ЖБО-ға қосу, турникеттерді орнату).

«Бизнеске жол» жобасын іске асыру барысында БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру мекемелері қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты турникеттерді орнату кезінде әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

703f5143-9d65-479b-9e5d-632aae9a3a4f

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер Орал қаласының қалалық мектептерінің әрекеттеріне шағымданып жүгінді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес кәсіпкерлер мектептерде турникеттер орнатуы тиіс. Оқу орындары төтенше жағдайлар органдарымен келісілгеннен кейін турникет орнатуды талап етті.

Бұл ретте шарттарда мұндай талаптар көзделмеген. Бұл жұмыстардың орындалу мерзімін кешіктіріп және жеткізушілердің міндеттемелерін уақтылы орындауға қауіп төндірді.

Департаменттің ұсынысымен турникеттерді орнату жөніндегі төтенше жағдайлар органының келісім алу бойынша заңсыз практика тоқтатылды, сондай-ақ тауарларды уақтылы жеткізбегені үшін тұрақсыздық айыбын қоюдың алды алынды.

«Соңғы жылдары елімізде мұғалім мамандығының беделін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Мемлекеттің дамуы да, ұлт болашағы да ұстаздарға тікелей байланысты.

Әділ Қазақстанды құрудағы мұғалімдердің ерекше рөлін атап өткім келеді, оларды келе жатқан оқу жылының басталуымен құттықтаймын және оларға табыс, табандылық және қажырлы еңбек тілеймін», - деді өз сөзінде Әділхан Сабуров.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале