8.06.2023, 10:42
Оқылды: 3385

БҚО-дағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» басшы құрамымен кездесті  

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен «Antikor Ortalygy» сервис орталығында БҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» басшы құрамымен кездесу ұйымдастырылды.

IMG_9427

Өз сөзінде превенция басқармасының бас маманы Ринат Мұратов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы баяндады. Сондай-ақ, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде 2022 жылдың есептік кезеңінде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.

IMG_9450

Тұжырымдаманың 6 бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған.

Кездесу соңында қызметкерлерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағыттылған әулеметтік бейнеролик көрсетілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале