20.06.2023, 10:27
Оқылды: 2349

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің ұжыммен кездесті

2023 жылдың 15 маусымында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді.

ba6a95a0-9688-4f8a-bd1f-007fa534aca5

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тиісті шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы нығайту мақсатында жыл басында енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау шаралары  туралы айтылды.

Сондай-ақ, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде 2022 жылдың есептік кезеңінде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.

Тұжырымдаманың 6 бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған.

Сондай-ақ, кездесуде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале