25.08.2023, 16:05
Оқылды: 45

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру аясында

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы волонтерлерінің жұмыс кездесуі өтті.

62243099-8dbe-49f0-919f-195cced1f74a

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы белсенді азаматтарды, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да  ұйымдарды еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту мақсатында іске асырылады.

cc8c12eb-551f-4697-8599-d68479f61e3a

Айта кету керек, жоба аясында еріктілер келесі құралдар арқылы көмек көрсете алады:

  • қоғамдық бақылау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру;
  • pro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету);
  • корпоративтік еріктілік.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Алия Денизбаева сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалар және қоғамдық мониторинг жүргізудің қандай тәсілдері туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысу үшін БҚО, Орал қ., Құрманғазы к-сі, 89/1 мекенжайына жүгіну қажет. Байланыс телефондары: 8 (7112) 98-47-57; 8 701 182 17 77.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале