16.11.2016, 11:38
Оқылды: 22

Ұлттық валюта – тәуелсіздігіміздің нышаны

%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d1%8c-%d0%bd%d0%b0%d1%86-%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d1%8e%d1%82%d1%8b-%d0%b0%d0%ba%d0%b6%d0%b0%d0%b8%d0%ba15 қарашада Ұлттық валюта – Теңге күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиналғандарды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтап, сөз сөйледі.

– Осыдан 23 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстан өзінің Ұлттық валютасын қолданысқа енгізгені белгілі. Бұл еліміздің даму тарихындағы ең айқын парақтардың бірі және тағдырымыздағы тарихи шешуші оқиға болды. Еліміздің бүгіні мен болашағы, экономикалық және саяси дамуы үшін меншікті ақшамыздың орасан орны жылдар өткен сайын айшықтануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен Ұлттық валюта күні еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды. Қаржы саласында ауданымызда тәжірибелі, өз ісіне берілген, біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Ауданның ұтымды дамуында қадірлі сала еңбеккерлері, сіздердің кәсіпқорлықтарыңыз бен ұмтылыстарыңыздың, тәжірибелеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің орны зор. Сіздерге аудан игілігін молайтуда табысты және жемісті қызмет тілеймін»,-деді әкім. Ол Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының Алғысхатымен қаржы бөлімінің зейнеткері Әнжан Мәжитов, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Дәулетов, оның орынбасары Қымбат Шүкірғалиева, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Алғысхатымен бас маман Мұрат Көшімов, Құрайлысай ауылдық округінің бас маманы Бауыржан Садықов, облыстық қаржы басқармасының Алғысхатымен аудан әкімі аппаратының есепшісі Сымбат Айтқалиева, білім бөлімінің есепшісі Бақыт Өтеспаеваны, сондай-ақ өзінің Алғысхатымен бір топ қызметкерді марапаттады.

Сонымен қатар жиылыста экономика және қаржы бөлімінен бірнеше қызметкер қошеметтелді. Көп жыл бойы қаржы жүйесінде абыройлы еңбек етіп, бүгінде зейнеткер болып табылатын ардагерлерге естелік сыйлықтар тапсырылды. Қазынашылық басқармасынан жер қатынастары бөлімінің бас маманы Зайда Дәулетоваға, Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Римма Исқайыроваға, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының Алғысхаттары жұмыспен қамту орталығының есепшісі Ләззат Пірмановаға, экономика және қаржы бөлімінің зейнеткері Мәншүк Малаеваға, Сарытоғай ауылдық округінің бас маманы Гүлмира Андешоваға табысталды.

Салтанат концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бибіжан Нүрпейісова

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале