8.11.2016, 17:06
Оқылды: 43

Өрттің алдын алу шаралары жүргізілді

%d3%a9%d1%80%d1%82%d1%82%d1%96%d2%a3-%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%bd-%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d2%9bAудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженерлері Е.Мамаев пен Р.Бекчентаев аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп арнайы рейд жұмыстарын жүргізді. Олар Жаңақала ауылындағы М.Мирманов, Қисыққамыс көшелеріндегі тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Рейд барысында сала мамандары тұрғындардан жылыту маусымында пештерді және газ құралдарын пайдалану кезінде бейқамдық танытпай, өрт қауіпсіздік қағидаларының сақталуына баса назар аударуларын сұрады.

Кездесу және аула аралау кезінде тұрғындарға жылыту пештерін қауіпсіз пайдаланудың негізгі бағыттары, тұншықтырғыш газбен уланғанда алғашқы көмек көрсету жолдары түсіндіріліп, шұғыл қызметтердің телефондары көрсетілген жадынамалар таратылды.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале