26.07.2026, 17:00
Оқылды: 453

​Шыңғырлау: Аудан әкімі Ақшат пен Қарағаштағы кәсіпкерлік нысандарын аралады

Шыңғырлау ауданында ауылдық округтерді дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

image-26-07-26-04-05 (1)

Осы орайда аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Ақшат және Қарағаш ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын тексерді.

​Ақшат ауылында аудан басшысы Николай Мезиновтың балық өсіру шаруашылығын, Сырым Джалдыгуловтың салынып жатқан автокөлік жуу орталығын және Ерболат Казмукашевтің құс өсіретін жеке қосалқы шаруашылығын аралап көрді. Ал Қарағаш округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алып, картоп өсіруді қолға алған Мұрат Тюлюкбаевтың алқабымен танысты.

image-26-07-26-04-05

​Сапарды қорытындылаған Мұрат Өмірәлиев мұндай бастамалардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ауыл халқының табысы мен тұрақты жұмыс орындарын арттыруда маңызы зор екенін айтып, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау әрдайым жалғасатынын жеткізді.

Светлана Байтенова, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале