5.04.2024, 19:04
Оқылды: 51

Ақсай футзал лигасы: шыңғырлаулық команда жеңімпаз атанды

Бөрлі ауданында желтоқсан айында басталған Ақсай футзал лигасы мәресіне жетті.

434460212_18146303947313139_2247757222336850472_n

Бұл лигада «МФК СҰҢҚАР», «Шыңғырлау», «Шекара қызметі» командалары Шыңғырлау ауданының намысын қорғаған болатын.

Төрт айға созылған тартысты доданың нәтижесінде өз лигалары бойынша «МФК СҰҢҚАР» командасы чемпион атанды.

Команда құрамында аудан спортының дамуына үлес қосып, талай жерде мәртебесін биіктетіп жүрген спортшылар бар. Бұл жеңіс команда жанкүйерлерінің мерейін тағы бір көтеріп тастады.

Әсел Әлім

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале