16.04.2025, 11:00
Оқылды: 162

Бәйтеректе майдангерді еске алу мақсатында білім олимпиадасы өтеді

Жеңістің 80 жылдығына және ҰОС ардагері, жерлесіміз Сары Әйтімовтың туғанынан 110 жыл толуына орай аудан орталығында математика бағытында ғылыми-әдістемелік семинар мен оқушылар арасында математикалық олимпиада өтеді.

IMG-20250416-WA0000 (1) 6 мамырда майдангер жерлесімізді еске алуға арналған іс-шаралар Белес ауылынан бастау алады. Онда Сары Әйтімұлы тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылып, спорттық сайыстар болады.

Переметныйдағы Қ.Аманжолов атындағы орта мектепте сағат 10-да семинар мен олимпиада басталмақшы. Л.Гумелев атындағы ЕҰУ, ҚазИИТУ ғылым-білім кешені, аудан әкімдігі ұйымдастырып жатқан семинарға бір топ ғалымдар келеді деп күтілуде. Олардың арасында өңіріміздің тумасы, белгілі ғалым-математик, физика-математика ғылымдарының докторы, «Жоғары мектеп» халықаралық ғылым академиясының академигі, ҚР білім озаты Нұрлан Темірғалиев, профессор, қоғам қайраткері, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Ақсерік Әйтімов бар.

IMG-20250416-WA0002 (1)

Ал олимпиадада аудан мектептеріндегі 7-8-сыныптардың 40 шақты оқушысы бақтарын сынамақ. Тең құрбысының алды болған шәкірттерге ноутбук, ұялы телефон, құлаққап сыйға берілмекші.

IMG-20250416-WA0003 (1)

Айта кетейік, Сары Әйтімұлы 1915 жылы 5 мамырда Жаңақала ауданының №5 ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1939-1940 жылдары Кеңес-Фин соғысынан оралғаннан кейін, Зеленов ауданының «Қызыл партизан» совхозына (Ростоши ауылы) қоныс аударып, ҰОС басталғанша осында еңбек етеді. Майдан даласынан оралған соң Ростоши ауылында жауапты қызметтер атқарды. 1978 жылы дүниеден өтті.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале