26.04.2025, 20:00
Оқылды: 154

Өрт қауіпсіздігі өзекті боп тұр...

Шыңғырлау ауданына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Дархан Закарин, БҚО ТЖД МӨББ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрсұлтан Сериков іссапармен келді. Сапар барысы биылғы жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігін қадағалау және пысықтау мәселесі. Осы тақырыпта аудан әкімшілігінде жиын өтіп, оған ауданның өкілетті органдары мен тиісті мекемелер басшылары ауылдық округ әкімдері (ZUMM платформасы арқылы) қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-26 at 18.29.42
Биыл көктемнің ерте шығуына байланысты жаздың ыстық кезеңі ерте басталғалы тұр. Сондықтан, барлық мекеме-ұжымдар, бөлімдер, тиісті күштік құрылымдар осы жағдайға дайын болуы тиісті.
Жалпы, облысымыз бойынша өрт кезеңіне дайындық жұмыстары жаңа басталып жатыр. ТЖ бөлімдері оқу-жаттығуларын өткізіп жатыр. Дайындық тексерілуде. Алайда, биыл ауа-райы аса ыстық болуы мүмкін. Қазірдің өзінде облысымыз көлемінде күніге 10-15 жану фактілері тіркеледі екен. Әлі жаз бастала қойған жоқ, соның өзінде осындай ақпараттар түсуде. Ертең ыстық түскенде не болмақшы..?
Осы бағытта өрбіген жиын барысында жалпы жұмыстардың үш бағытта: Орман- тоғайларды қорғау, елді-мекендердегі өртті болдырмау және жазғы пішен шабу, оны ауылға тасу, үй маңына немесе шаруашылық басына жинау кезіндегі өрт қаупінің алдын алу бойынша жүргізілу керектігі ескертілді.
Аудан басшысы Мұрат Амангелдіұлы өртке қатысты және жалпы төтенше жағдайға қатысты тиісті орындардың оқу-жаттығуы өткізіліп, дайындықтары тексерілгенін, материалдық-техникалық базаны толықтыру, жабдықтау жұмыстарының жүргізіліп жатырғанын, қазір ауданда өрт қауіпсіздігін қадағалау бойынша 3 нүкте бар (Амангелді, Ақтау, Ақшат елді-мекендері), енді 4-ші нүктені Қарағаш елдімекені етіп, оған 1 өрт сөндіргіш техника алынбақ, ал шегіртке бойынша фитосанитария саласымен жұмыстанып, шегірткенің қордаланған жерлері белгіленгенін айтып өтті. Аудан бойынша 25000 га жер осы шегірткеге қарсы өңдеуден өтсе деген жоспар да аталып өтті.

Қаршыға Асу,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале