Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шыңғырлау колледжінің базасында «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Oral - 2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті .
«WorldSkills» халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге және кадрларды кәсіби даярлауда жаңа трендтер қалыптастыруға бағытталған халықаралық коммерциялық емес қозғалыс.
Worldskills - қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, жоғарғы көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік алатын, жыл сайын байқау талаптары өзгертіліп отыратын әлемдегі ең озық тәжірибелердің бірінен саналады..
Чемпионаттың негізгі мақсаты- жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту. Сондай-ақ, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, WorldSkills Ұлттық чемпионатына қатысу үшін өңірлік құрамды дайындау. Өңірлік чемпионат 15-25 сәуір аралығында 22 колледжден 60 құзыреттілік бойынша жас мамандар өз бақтарын сынайды.
Колледжде өткен бәсекеге облыс орталығынан «Жоғары аграрлық – техникалық колледжі», «Орал политехникалық колледжі», «Тасқала колледжі» және «Шыңғырлау колледжі» студенттері қатысты.
Б.Рақымберлиев,
Шыңғырлау ауданы