26.04.2025, 15:00
Оқылды: 180

Жаңақалалық Махамбет марапат төрінде

Кеше Казталов ауданында IV республикалық “Қызғалдақ - көктем” атты эстарадалық әндерді орындаушылар арасында байқау өткен болатын. Бағы мен бабы қатар сыналған ән додасында жаңақалалық әнші Махамбет Нұрахмет те бағын сынады.

image-26-04-25-02-12-1
Ерекше дауысымен көрерменнің көзіне түсіп, тыңдарманның жүрегіне жол тапқан жерлесіміз ІІ орынды иеленіп, 100 мың теңгелік қаржылай марапатқа лайық деп танылды. Бұл жаңалық кеудемізді тағы бір мәрте қуанышқа бөледі. Махамбет жас та болса, аудан мәдениетінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан өнер иесі, мәдени-демалыс орталығында қызмет етеді. Небір дүлдүл күйшілер мен күміс көмей әншілер дүниеге келген Жаңақала жері Махамбеттей дарындардың арқасында аты әлемге танылып, сан ғасыр жасай бермек.

 

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале