25.04.2025, 20:00
Оқылды: 245

Жаңақалалық оқушылар суретшілер сайысында жүлдегер атанды 

Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 22.16.50

Байқауға барлығы 81 оқушы қатысты. Жасөспірімдердің қабілет шыңдау, дарынды балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған суретшілер сайысында жаңақалалық Зухра Закария (Жаңақала мектеп- гимназиясы) «Бейбітшілік пен мейірімділік біздің қолымызда» номинациясы бойынша үздік деп танылып, І орынды жеңіп алды. «Тірі ғаламшар» номинациясы бойынша Сымбат Досмұхамбетке (Жаңақала мектеп-гимназиясы) алғысхат табыс етілді. Барша қатысушыларға Білім басқармасының сертификаты табыс етіліп, жүлделі жұмыс көрсеткендер республикалық кезеңге жолдама алды.
- Шәкірттің шыңға шығуы – ұстаз еңбегінің жемісі. Бұл байқауда оза шапқан оқушыларыма сәттілік тілеймін. Осындай биік белестерді бағындыру – мен үшін де, өздері үшін де үлкен жетістік!, - дейді жетекшісі Динара Қуанышқалиева.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале