25.04.2025, 19:00
Оқылды: 223

Жаңақала ауданында «Асыл әжелер» ансамблінің шығармашылық кеші өтті

Жаңақала ауданына қарасты Мастексай ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Асыл әжелер» ансамблінің «Әжелер салған ән қандай!” шығармашылық кеші өтті.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 22.09.01 (1)

Бұл кеш – ұлттың рухани мұрасын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай тағылымды шара болды.
Кеш барысында әжелеріміз халық әндері мен Абайдың әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің жүрегіне жол тапты. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, көрініс арқылы көрермендерге ұмыт бола бастаған әдет-ғұрыптарды еске салды.
Кеш соңында Мастексай ауылдық округінің әкімі Ержан Нағымұлы әжелерімізге алғысын білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті.

Рита Даутова,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале