21.09.2021, 9:51
Оқылды: 24

Бәйтеректіктер "Birge-taza Qazaqstan" акциясына үлес қосты

Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің тұрғындары "World cleanup Day 2021 "Birge-taza Qazaqstan" бүкіләлемдік тазалық акциясына белсенді қатысты.

көшім (2)

Туған ауылының таза болуына үлкен мән беретін көшімдік ағайын шараға белсенді қатысты. Акция барысында ауыл көшелері, жол жиектері мен мекеме аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

көшім (1)

Жиналған қоқыс арнайы орынға жеткізілді. ауылдық округ әкімдігінің мамандары тазалық акциясын ұйымдастыруға қолұшын берген жергілікті кәсіпкерлерге ризашылығын білдіреді.

– Ауыл ішін қоқыстан тазартатынымызды білген тұрғындар өз еркімен келіп, қолдан келген көмегін көрсетіп жатты. Әсіресе жастар жағы белсенді болды. Ауыл кәсіпкерлері арнайы техникасын ұсынып, жиналған қоқысты арнайы орынға жеткізуге көмек етті. Бұл шара қазан айына дейін жалғасады, – дейді округ әкімінің орынбасары ".

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале