17.04.2024, 21:36
Оқылды: 46

Бәйтеректіктер Шымкентте облыс намысын қорғамақ

Таяуда бәйтеректік жас футболшылар Орал қаласында өткен 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионаттан алтын алқамен оралды.

InShot_20240417_213342595

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітіліп, облыстық футбол ассоциациясымен келісілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылған жарысқа 6 команда қатысты. Олардың төртеуі оралдық болса, екеуі аудандардан келген. Сол екеудің бірі – бәйтеректіктер.

Жас жерлестеріміз үш ойын өткізді. Бәрі де оралдықтармен болды. Яғни алғашында «Golazo» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойында «Болашақты» да осындай ұпаймен ұтты. Сөйтіп финалға шығып, «Football Time» командасынан 2:0 есебімен жеңіліп жатып, қарсыластың қақпасына бірден төрт гол салып, мықтылықтарын дәлелдеді.

Сөйтіп чемпионат нәтижесінде «Бәйтерек» 1-орынды еншілесе, «Football Time» мен «Тасқала» командалары қалған жүлделі орындарды алды. Аталымдар бойынша тоқталар болсақ, жерлестеріміздің арасында егіндібұлақтық Никита Кирюшчев «Үздік қақпашы», Құрмет Қарағұс «Үздік ойыншы деп танылды.

Алмат Қажғалиев пен Әлібек Оразалиев баптайтын жас жерлестеріміз енді 1-10 мамыр аралығында Шымкентте өтетін жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында облысымыздың намысын абыроймен қорғайтынына сенім мол.

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале