17.09.2019, 15:28
Оқылды: 171

Биыл Шыңғырлау ауданында 10 мың гектар жер зиянкестерден уланған

Шыңғырлау ауданында биылғы үйірлі шегірткелерге қарсы күрес шараларын қорытындылау және 2020 жылы аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жоспарлау туралы шұғыл әрекет штаб отырысы өтті.

IMG_2722

Аудан әкімі Е.Тұрмағамбетовтың төрағалығымен өткен жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық испекциясының басшысы Л.Хайретдинов, БҚО аумақтық испекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бөлім басшысы Е.Құрмашев, Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы БҚО филиалының басшысы А.Алдабергенов және штаб мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде көтерілген мәселелерге сәйкес аудан көлемінде итальяндық прус шегірткесін улау бағытында жүргізілген жұмыстар бойынша аудандық аумақтық инспекция басшысы Н.Сұлтанов баяндаса, шегіртке тектес зиянкестерге арналған зерттеу және мониторингтік жұмыстар жөнінде Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Шыңғырлау аудандық филиалының басшысы Ю.Хамзин мәлімдеді. Жалпы аудан көлемінде республикалық бюджет есебінен итальян шегірткесіне қарсы 10,2 мың гектар жерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Осы шараға қажетті техникалар (1 газ қондырғы, 1 ұшақ (дельталет)) жұмылдырылыпты. Көршілес Ресейдің Орынбор облысы, Соль-Илецк ауданы және Ақтөбе облысы, Қобда ауданының мамандарымен бірлесіп жасақталған жоспардың нәтижесінде аса қауіпті зиянкестерге қарсы іс-шаралар уақытылы жүзеге асып отырған.

Отырыс барысында слайд арқылы аудан ахуалы көрсетіліп, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып отырды.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале