6.11.2020, 20:16
Оқылды: 61

Бөкей ордасы ауданында құрылыс компаниясы төрт үйге тегін газ тартты

Құрылыс компаниясы төрт отбасына қолдау көрсетіп, көгілдір отын қосып берді.

A88C06C7-D1CC-4FCE-9462-DEEE98E0078F

«ТОО Давид строй» құрылыс компаниясы қолдауды қажет ететін сайқындық Нұрлан Молдашев, Каримолла Меңдіғалиев, Жұматай Рамашев, Шолпан Бекжановалардың үйлеріне газ кіргізіп берді.

Құрылыс компаниясының басшысы Виталий Кудрявцев, директоры, жерлесіміз Қанат Жанғазиевтерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қоғамдық жұмыстарда жүрген төрт азаматымыздың үлкен мәселесін шешіп берді. Төрт үйдегі төрт жеңгейді күл алып, от жағудан босатты. Төрт үйге газ құбырын тарту жұмыстарына компания  771 мың теңге қаржы бөлді,- дейді Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале