4.08.2020, 16:06
Оқылды: 103

Бөкей ордасындағы құрылыс нысандары қарқынды

 Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарында Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылындағы екі пәтерлі 2 үй құрылысымен танысты. Сәуір айында басталған құрылыс жұмысы аяқтала келіпті. Бұл баспана аз қамтылған отбасыларға берілмек. Бірақ қос үйдің инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін тарту жобада қарастырылмаған. Облыс басшысының соған байланысты қойған сауалына аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев қаражат үнемдегендерін, коммуналдық желілерін тарту мәселесі шешу назардан тыс қалмайтынын айтты.

3C718B21-24F0-4B71-8199-6B78F3B7F4ED

Ауылда жалпы білім беретін Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің ұлдар мен қыздарға арналған қос жатақхана ғимараты күрделі жөнделуде. Мектеп жатақханасы 1978 жылы салынған. Жиекқұм, Көктерек, Жетібай ауылдарынан келген оқушылар интернатта жатып, білім алады. Интернат құрылысына дені ағаш материал қолданылып жатқанын көрген облыс басшысы мердігерге өрт қауіпсіздігі талаптарын ескеруді тапсырды. Оқушылар жатақханасын күрделі жөндеуге бюджеттен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 81 965 821 теңге бөлінген.

874D4389-A2F1-4037-9585-888596B44AC6

«Энергия» ЖШС мамыр айынан бастап аудан орталығындағы М.Мәметова атындағы орта мектеп ғимаратын 256 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізуде. Жөндеу жұмысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауқымында 256 миллион теңге жұмсалып жатыр. Мектеп директоры Асылхан Аманғалиевтің айтуынша, карантин режимі құрылыстың баяулауына себеп болыпты. Бірақ мердігер күрделі жөндеуді тамыз айында аяқтауға уәде беріп отыр. Құрылыс барысында мектептің жылыту жүйесі жаңаланды. Серіктестік жобада қарастырылмаса да, жылыту қазандығын жөндеп берді. Мектеп шатыры мен едені ауыстырылды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев құрылыс барысын белгіленген мерзімнен кешіктірмеуді қатаң тапсырды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша Бөкей ордасы аудандық балалар-жасөпірімдер туризмі және экология орталығының ғимараты жөнделуде. Бұл орталыққа қарасты 24 үйірмеге 360 бала белсенді қатысады. Үйірме мүшелерін 17 мұғалім туризм және спорт дағдыларына баулиды. Жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін қосымша штат бірліктері ашылмақ. Балалар-жасөпірімдер туризмі және экология орталығының басшысы Жасұлан Хайрушев орталықты жаңғыртуға бағдарлама ауқымында 72 миллион теңге бөлінгенін айтты. Орталық ауласы көгалдандырылып, жаңа жабдықтар алынбақ.

Бөкей ордасы ауданындағы құрылыс нысандарын аралаған облыс басшысы Ғали Есқалиев мердігерлерге жөндеу жұмысын уақтылы аяқтауды, мемлекеттік бағдарламалар ауқымында бөлінген қаражатты орнықты жаратуды, құрылыс жұмысына отандық өнімдерді ғана пайдалануды қатаң тапсырды.

 Нұртай Текебай,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале