15.04.2021, 10:01
Оқылды: 73

«Bookcrossing» кітап оқуға үндейді

Бөкей ордасы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Bookcrossing» акциясы бастау алды. Бұл шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды жаппай насихаттау, әрі кітап алмасу арқылы түрлі авторлардың еңбектерімен таныстыру.

6E12C666-DBC8-4F84-95DA-EE2318378324

Ұйымдастырушылардың айтуынша  «Bookcrossing»-ке жас  оқырмандар көптеп қатысуда.  Әсіресе мектеп оқушылары сүйіп оқитын кітаптарын насихаттауға ерекше үлес қосуда. Сондай-ақ мұғалімдер, қоғамдық ұйым мүшелері де аталмыш шараға қызығушылық танытты. Айта кетелік, жастар арасында саясаттанушы, блогер Бахытжан Бұқарбайдың  «Күміс кітабын» үлкен сұранысқа ие болды, хакім Абайдың шығармашылығына да ден қойғандар аз болмады.

Нұрай Таубай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале