Басты жаңалықтар
15 келі 700 грамм: балықшылар Өлеңтіден алып шортан ұстады
29 Қараша 2023
15 келі 700 грамм: балықшылар Өлеңтіден алып шортан ұстады
Тәкең, Талғат Шайхиевті айтамыз - сахнаның сәні, жүрегінде мелодия ойнаған талант, Шайхиевтер отбасылық ансамблінің жетекшісі. Оның табиғатты сүйетінін, әуесқой балықшы екенін де білуші едік. Бірақ…
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
29 Қараша 2023
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды zhaikpress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші…
Тайғақта құлаудың әдісі бар: төтеншелік лайфхактар ұсынады
29 Қараша 2023
Тайғақта құлаудың әдісі бар: төтеншелік лайфхактар ұсынады
Өткен аптадағы аласапыран боран мен қар адамның да, шұғыл қызметтердің де қысқа дайындығын тексеріп өтті. Алдын ала тұрғындарға хабарламалар келіп, төтенше жағдайлар, полиция қызметтері үйден…
Жетікөлдегі бастауыш мектеп неге жабылды?!
29 Қараша 2023
Жетікөлдегі бастауыш мектеп неге жабылды?!
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұхановтың ел алдындағы есеп беру жиынына қатысты. Осыған дейінгі жиналыста халық ауылға таратылатын ауыз су…
Оралда мұғалім 6-сынып оқушысын ұрған: сотқа дейінгі тергеу басталды
29 Қараша 2023
Оралда мұғалім 6-сынып оқушысын ұрған: сотқа дейінгі тергеу басталды
27 қарашаның полиция қызметіне Орал қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6-сынып оқушысын ұрғаны жөнінде хабарлама түскен. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің instagram парақшасында…
Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды
23 Қараша 2023

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды

4.09.2023, 15:15
Оқылды: 37

Бөрліде арнайы әскери-экономикалық оқу-жаттығу өтті

Бөрлі ауданында әскери қызметті жүзеге асырумен арнайы әскери-экономикалық жаттығу өтті. Дайындық жұмыстарына облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Мақсат Мұқанов, аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ардагерлері «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, запастағы подполковник Арсен Тохметов қатысты.

D62A5F06-593F-4A77-B370-150CA47E8006

Одан бөлек оқу-жаттығу жиынын өңірдегі аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен әскери міндеттілер, мекеме қызметкерлері тамашалады.

Әскери-экономикалық оқу-жаттығу аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынмен басталды. Мұнда қатысушылар жоспармен танысты. Жиында облыс әкімдігінің, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жұмылдыру тапсырыстары мен тапсырмалары бар ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын, сондай-ақ аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауға дайындығы тексерілді.

Ал мәдениет үйінің алдында аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімшесінен шақырту алған әскери міндеттілер алдын ала жиналып, әскери киімдерін алды. Мәдениет үйінде жиынға қатысушы өкілдерге аудандағы құлақтандыру учаскесінің практикалық жұмысы таныстырылды.

Оқу-жаттығу Ақсайдағы Ғұбайдолла Жәңгіров атындағы мәдени демалыс паркінде жалғасты. Мұндағы шараға әскери міндетті 85 азамат қатысып, оқу-жаттығуға қатысушылар онкүндік дайындыққа шығарып салды.

40853F1B-F20D-48C9-9922-A5DCB1F136D1

– Бүгін ауданымызда Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына және БҚО әкімдігінің «Әскери қызметшілермен әскери дайындық жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес әскери қызметке шақыруды жүзеге асырумен арнайы әскери-экономикалық оқу-жаттығулар өтуде. Оқу-жаттығуға жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар БҚО мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері қатысуда.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі туралы» ҚР  Заңына және «Әскери міндеттемелер мен әскери жиындар өткізу туралы» әкімдік қаулысына сәйкес оқу-жаттығу элементтерінің бірі – аумақтық қорғаныс бөлімшелерін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралаларды орындауға дайындығы тексеріледі. Атап айтқанда, ауданнан әскери міндетті азаматтар Орал қаласына 10 күнге жіберіледі, - деді аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов.

Айта кету керек, осы оқу-жаттығу аясында Орал қаласына бөрлілік 85 әскери міндетті азамат оқу-жаттығуға аттанды.

Әскери-экономикалық оқу-жаттығу одан әрі «АқсайАвтоТранс» базасында жалғасты. Мұнда жиынға қатысушыларға төтенше жағдай кезінде, табиғи апат немесе соғыс жағдайында қызмет етушілер мен олардың міндеттері таныстырылды.

Соның ішінде азаматтық қорғаныс, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар қызметі, ақпарат және байланыс өкілдері, жолдар мен көпірлерді жөндеу, инженерия, сауда өкілдері секілді бірнеше өкілдері қатысты. Шара соңында оқу-жаттығуды ұйымдастыруға белсенді қатысқан және септігін тигізген бірқатар азаматтар марапатталды.

Аслан Нұразғали

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале