
- Мен №66 Жиекқұм сайлау учаскесіне барып, өз дауысымды бердім. Халық сеніміне ие болған әкім үлкен жауапкершілікті сезініп, ел үмітін ақтап екен деймін. Кішкентай Жиекқұмның үлкен мәселелері бар. Құм көшкінінен бастап, мектеп оқушыларының жыл санап, азайып бара жатқаны, мектептің жабылу қаупі сияқты мәселелер тұтас Қазақстанның мәселесі екенін түсінемін. Жаңа сайланған әкіміміз осы мәселенің шешілуіне оң ықпалын тигізетін іс-шараларды қолға алса дейміз. «Қаладан ауылға» сияқты бағдарламалар бойынша жұмыстанып, елді мекен тұрғындарының санын арттыруға жұмыстанса, жақсы болар еді. Қысқасы, жаңа әкімнен жаңашылдық күтеміз, - дейді жиекқұмдық ұстаз Дана Қауысова.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы