16.05.2026, 15:00
Оқылды: 2

«QOSOBA CUP» кімге бұйырады?!

Сырым ауданы бойынша арқан тартыс спорты бүгінде қарқынды дамып келеді. «Бабалар ізімен!» Батыс Қазақстан облыстық ұлттық спорт лигасында арқан тартыс бойынша Қособа, Тоғанас ауылдарының жігіттері облыстық жарыстарда топ жарып, ұлттық спорттың мәртебесін көтеруде.
c1f8f4f1-22a6-48e3-a710-0a2c482d0816
Бүгін Қособа ауылында арқан тартыстан «QOSOBA CUP» - аудандық ашық турнирі басталды.
Сайысқа облыс аудандарынан келген құрамалар -  Алмаз, Ақшат, Ақоба, Абай, Бостандық, Бұлан, Бүркіт, Жалпақтал, Жаңажол, Жұлдыз, Сайқұдық, Тереңкөл, Теректі, Тоғанас, Көктерек, Қаратөбе, Қароба, Құспанкөл, Орал және Қособа ауылының намысын арқалаған қос команда білек сыбануда.
Сайыстың ашылу рәсімінде Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов барша командаларға сәттілік тілеп, сөз сөйледі. Сондай-ақ жарысқа демеушілік білдірген ауыл азаматтарына алғыс білдірді.
a7874d7d-624f-499a-8726-ba1ee47bca99
Аудан әкімі ҚР спорт шебері, самбо және қазақ күресінен спорт шебері, әлем кубогінің жеңімпазы, Қазақстан барысына қатысушы БҚО-ның бірнеше дүркін түйе палуаны, әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, Түркістан қаласында өткізілген спорт шеберлері арасындағы ҚР чемпионатында қазақша күрес, дзюдо және самбо спорт түрлерінен алтын медаль иегері, жеңімпаз жерлес Еділ Үсеновке Сырым ауданы атынан астына ат мінгізіп, иығына шапан жапты.
edb6c275-03ad-4b79-91f9-51707d86ad14
Қоңдыкер Жеңісұлы
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале