17.05.2026, 9:07
Оқылды: 4

Переметный әкімінің сайлауы өтіп жатыр

Бәйтерек ауданында Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтуде. Саяси додаға 3 кандидат түсуде.

image-17-05-26-08-33-2

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясынан алынған мәліметке қарағанда, Переметный ауылдық округінде 5 сайлау учаскесінде дайындық үдерісі күнтізбелік жоспарға сай жүрді. Сайлау учаскелері таңғы сағат 6:00-де ашылдыМемлекеттік Гимн орындалған соң, яғни 7-00-де дауыс беру бастады. Оларда 4767 сайлаушы тіркелген. Осы сайлаушылардың 1907-сі аудандық мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №155 сайлау учаскесінде тіркелген. Аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Есбол Абдоловтың сөзінше,тұрғындардың келуі жаман емес. Қазіргі уақытта 11 адам үйден дауыс беруге жазылған. Мұндай өтініштер сағат 12-00-ге дейін қабылданады.

image-17-05-26-08-33-3

Сағат 7-00-де осы сайлау учаскесіне келіп алғаш дауыс берген Переметный ауылының тұрғыны Жанна Аманғалиеваның сөзінше, сайлауға келіп дауыс беру әр азаматтың міндеті. Өзі мұндай саяси науқаннан қалып көрген емес. «Өмір болған соң түрлі мәселелер туындайды,-дейді ол.- Сондай мәселелерді шешуде ауылдық округ әкімінің іскерлігі, беделі керек. Переметныйда да жолға, ауыл тазалығына, мал жайылымына қатысты мәселелер бар. Біз сеніп дауыс беріп жатқан үміткеріміз егер әкім болып жатса, сондай мәселелерді шешеді деп сенеміз».

image-17-05-26-08-33-5

Айта кету керек, сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісін аккредиттелген қоғамдық бірлестік пен БАҚ өкілдері байқап отыр.

Серік Маратұлы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале