21.10.2022, 20:14
Оқылды: 56

Дүлдүлдер сайысы мәреге жетті

Жаңақала ауданында Қазақстан Республикасының халық әртісі, күйші, домбырашы Қали Жантілеуовтің 120 жылдығына арналған «Дүлдүл домбыра» атты республикалық домбырашылар байқауының ІІ кезеңі қорытындыланды.

IMG_2504

Аудан әкімі Дархан Закарин барша қатысушыларға құттықтау тілегін білдірді. Сайыстың қорытындысында қазылар алқасының шешімімен батысқазақстандық Наурызбек Кузанбаев бас жүлдеге ие болып, 500 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады.

IMG_2500

Ал алматылық Ақылбек Бектасов пен атыраулыщ Ақбөкен Темір І орынды иеленіп, 200 мың теңгенің сертификатын алды. Алматылық Тәлет Рахымбай мен атыраулық Нұрлыбек Нажекенов ІІ орынға лайық деп танылып, 150 мың теңгенің сертификаты табысталды. Мұхамедияр Таңатаров, Дарын Құдайбергенов, Нұрғали Әшімхан ІІІ орынға ие болып 100 мың теңгенің сертификаты берілді. Ал Эрнест Қайыржанов «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік» одағы қоғамының бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Айдар Батырхановтың арнайы жүлдесіне ие болды. Басқа да қатысушылар алғысхатпен марапатталды.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале