14.10.2022, 17:00
Оқылды: 52

Еңбекқор жандар алғысқа бөленді

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесі — тоқтылық пен молшылықтың тойы. Қара  жерді баптап, дән сеуіп, елді ас атасымен қамтып жүрген дихандардың еңбегі еленетін күн. 

IMG-20221014-WA0058

Сондай-ақ екінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде аталып өтетін «Үздік аула» және «Үздік ауыл» байқауы да  өз мәресіне жетті. Соған орай Теректі аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылық қызметкерлері мен үздік отбасыларға құрмет көрсетілді.

IMG-20221014-WA0067 (1)

Мәдениет үйінде өткен қорытынды кешке жиналғандар ең алдымен көрмені тамашалады. Мұнда «Үздік аула» байқауына қатысушылардың  бақша мен сүт өнімдері қойылды. Жиналғандар  өнімдерден дәм татты.

Шара одан әрі марапаттау рәсіміне ұласты.

Мерекелік жиын барысында сөз алған аудан әкімі Тілек Габдушев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

IMG-20221014-WA0090

- Еңбекпен ғана ісің өнеді, тер төккен еңбегің жемісін береді, еңбек қана қиындықты жеңеді.

Ерінің ерен еңбегін елі ешқашан елеусіз қалдырмайды. Қашанда өскелең ұрпақ үшін үлгі етеді. Сондықтан, ауданымыздың қол жеткізген жетістіктерінде қажырлы еңбектерімен қомақты үлес қосып жүрген барлық сала қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, — деді аудан басшысы Тілек Габдушев.

Жарғақ құлақтары жастыққа тимей күндіз-түні аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтардың еңбегі еленді. Тінін тарқаталық, «Үздік малшы» Н.Сұлтанов (Аңқаты ауылы), «Үздік ветеринарлық зертхана қызметкері» аталымын Ақжайық ветеринарлық лабороториясы, «Үздік комбайнер» А.Абдулов (Новопавловка), «Үздік шаруашылық» А.Авчинник (Приречный), «Үздік бақташы» Ғ.Сарсенғалиев (Ақжайық ауылы), «Үздік механизатор» В.Бородин (Долин), «Үздік жылқышы» Т.Кәкім (Ақжайық ауылы), «Үздік ветеринар» М.Сариев (Ақсоғым ауылы), «Үздік агроном» Т.Аманов (Шаған ауылы) аталымдарын жеңіп алды. Үздіктерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табысталды.

IMG-20221014-WA0086

Ауданымызға қарасты елді мекендер мен ауылдарды көгалдандыру бастамасымен  басталған «Үздік аула» және «Үздік ауыл» байқауына аудан бойынша 39 тұрғын үй қатысып, 15 жеңімпаз анықталды. Бірлігі мен берекесі жарасқан үй иелері тұрғын үйлерінің ауласын әсем де әсерлі етіп гүлзарлар отырғызып, аула ішін жасыл желекке айналдырып, түрлі мүсіндер жасап ауласын көркейтіп үздіктер қатарына кірген он бес отбасыға арнайы алғысхат пен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

IMG-20221014-WA0089

«Үздік аула» иелері аталымын  М.Бахитов (Аңқаты ауылы), С.Маноли (Ақсуат ауылы), Р.Мырзағалиев (Ақжайық ауылы), М.Халиков (Ақсоғым ауылы), В.Кисель (Богданов ауылы), М.Жанторин (Долин), А.Мұхамбедияров (Новопавлов), Қ.Хасанғалиев (Подстепный ауылы), О.Байболов (Покатилов ауылы), С.Жұмағалиев (Приречное ауылы), Т.Танжариков (Шалқар ауылы), Н.Шналиев (Шағатай ауылы), И.Саников (Шаған ауылы), В.Покровский (Ұзынкөл ауылы), Н.Сарсенов (Теректі ауылы) жеңіп алды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале