20.08.2020, 17:55
Оқылды: 74

Еуразиялық банк өкілдері Ақжайық аудандық ауруханасына оттегі концентраторын табыстады

Бүгін Ақжайық аудандық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 1 дана оттегі концентраторы табыс етілді. Бұл игі іске ықпал болған Еуразиялық банк.

ottegi (1)

Алдымен аудан әкімінің қабылдауында болған оларға Қалияр Айтмұхамбетов зор алғысын айтты. «Қазіргі әлемде тараған ата жаман дерт бәсеңсігенімен, күзде екінші толқыны болуы мүмкін деп күтілуде. Әрине, беті әрмен. Осындай қиын жағдайда көмек көрсетіп жатқандарыңызға көп рақмет», – деді ол.

ottegi (2)

Бұдан соң банк қызметкерлері емханаға барып құрылғыны табыстады.

–  Бұл құрылғыны алуға Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов бастамашы болды. 100 концентратор республикадағы ауруханаларға бөлінген болатын. Соның төртеуі БҚО-ға әкелініп, біреуін Ақжайық ауданына жеткізіп отырмыз. Аталған құрылғымен бір мезгілде кемінде екі адам оттегі терапиясын ала алады, – деді "Еуразиялық банк" АҚ БҚО филиалының директоры Закир Тоқышев.

ottegi (3)

Аудандық аурухана басшысы Әсел Ералиева «Біз науқастардың ем-дом алуына керек аппараттың бірін алдық. Бұл – үлкен көмек. Сол үшін алғысымызды айтамыз», – деп өз алғысын жеткізді.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале