25.08.2023, 15:15
Оқылды: 50

Қандастар қонаққа келді         

 

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығы өлкетанушы Айболат Шамұратұлы алып келген Ресей Федерациясындағы қандас бауырларымызды салтанатты түрде күтіп алды.

жп фестиваль (3)

Олардың негізгі мақсаты Жаңақала ауданданындағы тарихи жерлермен танысу.

Алдымен қонақтарды аудандағы Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейіне алып келді. Аталмыш музейдің экскурсоводы Сымбат Талғатқызы мұузей қорымен таныстырып, тарихын сөз етті.

жп фестиваль (4)

Одан әрі «Бөкей хандығы» ескерткішіне келіп, «Тастөбе шайқасы» саябағымен де танысты.

жп фестиваль (6)

Ауданды аралап болған соң, қандас бауырлар дайындалған дәмнен ауыз тиді.

 

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале