«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»
29 Қыркүйек 2023

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр
29 Қыркүйек 2023

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады
29 Қыркүйек 2023

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді
29 Қыркүйек 2023

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
29 Қыркүйек 2023

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

БҚО-да ауыр дертке шалдыққан бес азаматқа 1,1 миллиард теңгеден астам қаражатқа дәрілік заттар алынған
29 Қыркүйек 2023

БҚО-да ауыр дертке шалдыққан бес азаматқа 1,1 миллиард теңгеден астам қаражатқа дәрілік заттар алынған

Қаратөбеде балаларға арналған мерекелік кеш өтті

Қаратөбеде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Балалар – шаттық ордасы» атауымен мерекелік кеш өтті.

E154BDFA-6480-45C8-94B0-A76650E36816

Аудан орталығында ұйымдастырылған мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Қ.Сүйеуғалмев алаңға жиналған бүлдіршіндерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағамыз сендерсіңдер!
Сондықтан да Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек.
Сіздердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін!
Биылғы оқу жылы сәтті аяқталды, балалардың жазғы демалысы аудан бойынша 18 мектеп жанындағы лагерьлерде және 2 стационарлық лагерьде ұйымдастырылатын болады. Жазғы демалыстарыңыздың қызықты өтуіне шын жүректен тілектестігімді білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін, - деді.

Мерекелік кеш түрлі ертегі кейіпкерлерінің қойылымымен бастау алды.

5D0E3EF8-B057-4BED-B07C-A3C8E1810349

Кеш барысында балаларды салауатты өмір салтын сақтау, спорттың қаншалықты көңілді және пайдалы екенін көрсету, балғын балдырғандарды ынталандыру мақсатында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен бұқа тартыс, қозы көтеру, асық ату, ләңгі секілді ойындар ойналып, жеңімпаз бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Сонымен қатар, ұлттық спортымыз насихаттау мақсатында оқушылар арасында дүбірлі жаппай көкпар оздырылды. Халқымыздың дәстүрін ұлықтап, ер жігіттердің намысын қайраған ойынға білекті палуандар қатысып, доданың думанын қыздырды.

74AB9B38-D289-4C03-AC7D-635A01248EDE

Көкпаршылар додашыл атына сеніп, өзгелерден айласы мен шеберлігін асырған бірнеше палуан салымды болып, көрермен қошаметіне бөленді.

Райымбек Абай

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале