9.04.2020, 9:02
Оқылды: 628

Қаратөбелік таксист он екі жанұяға жәрдемдесті

  Қаратөбе ауылының тұрғыны Бекболат Жүкеев ауылдағы табысы төмен 8 отбасыға азық-түлік және тағы да 4 отбасының балаларына киім-кешек сатып алып, оны жеке көлігімен үйлеріне жеткізіп беріп, қайырымдылық танытты.   

A032DB05-4D43-417E-A9FB-A7955B06CDE6

– Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарынан табысы аз, кіріс көзі төмен 10-нан астам отбасының тізімін алып, оларға қолұшын беруді жөн көрдім.   

Қиналған жандарға жәрдемдесу - үлкен сауап. Елден шыққан ауқатты, елжанды азаматтар қазіргідей қиын сәттерде бала-шағасы көп, табысы жеткіліксіз жанұяларға жәрдемдессе нұр үстіне нұр болар еді, - дейді ауылдың қарапайым таксисі Бекболат Бердіғалиұлы.   

Иә, айтуы орынды. Бекболат Бердіғалиұлы сынды өзінен ауысқанды өзгеге ұсынатын азаматтар қатары көбейсе игі.

Ізгілікті істі өзгелер де қолдап әкетеді деген сенімдеміз.

           Ерболат Мырзағұлұлы

                   Қаратөбе ауданы     

  zhaikpress.kz

   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале