Газ жүйесінің ақауына байланысты тұрғын үйлерде орын алатын оқыс оқиғаларға жол бермеу және алдын алу мақсатында «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы, «Переметный» БПҰ партиялық бақылау комиссиясымен бірге аудандық газ участкесіне рейд өткізді.
Рейд барысында комиссия мүшелері Батыс Қазақстан өндірістік филиалы Бәйтерек газ участкесінің басшысы Айқанай Кубаева кездесіп жылыту пештерін пайдалану, улы газдың пайда болу себептері, өрт немесе жарылыстың шығуын болдырмау тәсілдері туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалады.
Бұдан бөлек кездесу барысында участке директоры ГП типті жанғышы бар жылыту пештерін пайдалану жолдарын түсіндіріп, жағуға дайындық, жағу тәртіптеріне және де тыйым салынған іс-әрекеттерге тоқталып өтті.
- Газдың қауіпті екенін бәрі де біледі, алайда оны үнемі пайдалануға үйренгендіктен, көп адам қауіпсіздік шараларын естен шығарып алады. Тұрмыста табиғи газ адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін пайдалану ережелері мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаған абзал. Бұл ережелермен тұтынушыларды біздің газ шаруашылығы қызметкерлері пәтерлерді немесе жеке үйлерді газ жүйелерін қосу барысында міндетті түрде таныстырады. Сондай-ақ жеке меншік құқығындағы үй және пәтер иелері мамандандырылған ұйыммен уақытында газ жабдығына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарттар жасауы тиіс, - дейді өз сөзінде Айқынай Маратқызы.
Аружан Аманжол
Бәйтерек ауданы
Бәйтерек ауданында 800 адам екпе алды
6.04.2021, 17:00
«Тегін медициналық көмек барлық санаттағы азаматтарға көрсетіледі»
3.04.2021, 21:26
Жаңақалалық жас өрен облыстық балалар кинофестивалінде жеңімпаз атанды
3.04.2021, 19:02
Жаңақала ауданына «Халық» қайырымдылық қорының азық-түлік себеттері жеткізілді
3.04.2021, 18:32
Казталов ауданында көктемгі сенбілік жұмыстары басталды
3.04.2021, 11:49
Наурыз мерекесіне арналған онкүндік
23.03.2021, 21:10
Ақжайық ауданында Наурыз мейрамына орай спорттық шара өтті
22.03.2021, 16:54
Бөкейліктер ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында челлендж ұйымдастырды
22.03.2021, 16:25
Ұлыстың ұлы күнінде Тасқалада онлайн концерт өтті
22.03.2021, 12:29
Бәйтерек ауданының әкімі ардагерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады
22.03.2021, 8:37
Көрісу мерекесінің маңызы зор
14.03.2021, 19:23
Сырымдағы "Шуақ күні"
14.03.2021, 15:43
Арзан уәдеге алданғандар саны артып келеді
4.03.2021, 10:34
Казталов ауданында «Nur Otan» партиясы филиалының актив отырысы өтті
4.03.2021, 0:33
Сырымдық Нұрым - республикалық айтыстың жүлдегері атанды
3.03.2021, 22:23
6.04.2021, 17:00
3.04.2021, 21:26
3.04.2021, 11:49