13.06.2022, 12:59
Оқылды: 48

Қажетті медқұрылғылардың 90 пайызы бар

Бәйтерек аудандық ауруханасына қарайтын 5 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 9 медпунктте 147 орта буын, 59 кіші буын медқызметкер жұмыс істейді.

92821A34-AC12-4160-B5F8-010128FA6E85

Аудандық аурухананың бас мейіргері Қаламқас Мерғалиеваның айтуынша, мейірбекелердің 95 пайызы біліктілігін арттыру бағытында оқып келген. Орта және кіші буын мамандардың оқуы міндетті. Мәселен, окулист мейіргерінің арнайы сертификаты болуы керек. Ол жерге кез келген медбике отыра алмайды. Ал рентген бөлмесіндегі зертханашылардың осы бағытта оқудан өтті деген құжат болуы тиіс. Ол рентген атомды болғаннан кейін оларға қойылар талап қатаң.

-Менің функционалдық міндетіме орта және кіші буын медицина қызметкерлерін оқыту, біліктілігін артырумен қатар олардың жұмыс уақытын жоспарлау, дәрігерлердің нұсқауларын орындауын бақылау кіреді. Сондай-ақ ауруханадағы медициналық құрал-жабдықтардың жай-күйін қадағалап жүремін. Егер олар істен шықса, жөндеуге жібереміз. Алдағы бес жылға керек құрал-жабдықтардың тізбесін жасаймыз. Қазіргі таңда  ауруханамызда қажетті медициналық құрылғылардың 90 пайызы жұмыс істеп тұр. Мәселен, былтыр пандемия кезінде рентген аппараты, ЭКГ құрылғысы алынды. Бір тәулік бойы адамның қан қысымын өлшейтін Холтер (СМАД) аппаратының 10 данасы бар. Нәрестелердің жүрек қағысын тыңдауға арналған фитальный доплер аппараты перзентханаға жеткізілді.  Белес ауылындағы емдеу орнына стомотологиялық құрылғы қойылды. Күні кешеге дейін тісі іріңдеп келген пацинеттерді қалаға жіберетін едік. Енді арнайы құрылғыға қол жеткен соң тісті рентгенге өзіміз түсереміз. Дерматоскоп алынды. Қазір жетіспейтіні лазерь түрде ота жасауға қажет лапаротоскопиялық баған мен велоэргометрия деп аталатын жүректің соғысын анықтауға арналған велосипед керек. Жалпы былтыр 15 бірлік аппарат алынды. Соның арқасында тұрғындар бұрынғыдай қалаға сабылмайды. Облыс орталығына тек гастроэгтролог сынды арнайы мамандарға, КТ және МРТ-ға түсуге барады. Сосын жүкті әйел скрининг өту үшін жолданады. Қазір аурухана басшылығы осынау мәселелерді шешу үшін жұмыстанып жатыр,- дейді Қаламқас Тұрғанбайқызы.

 Берік Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале