10.02.2024, 22:31
Оқылды: 34

Казталов ауданы: Қол күресінен өткен облыстық чемпионат өз мәресіне жетті

Бүгін Казталов ауданы орталығында 2001-2005, 2006-2008 жылдар аралығындағы жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасында қол күресінен Батыс Қазақстан чемпионаты аяқталды.

IMG-20240210-WA0068

Бүгінгі чемпионаттың мақсаты – жастармен, жасөспірімдер мен қыздар арасында қол күресі спортын дамыту. Спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, қол күрес спортын кеңінен насихаттау.

Жарыстың ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы гір спорты және қол күресі федирациясының президенті Мұрат Ибатов жарысты ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, аудан әкімі Асланбек Сарқұловқа, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Сергейұлына, ауданымыздың жаттықтырушысы Жасұлан Құлқайыровқа алғысхат пен естелік сыйлық табыстады.

Елімізде спорттың дамуына, бұқаралық спортты кеңейту мақсатында өткен жарыстың нәтижесінде 2001-2005 жылғы жастар мен қыздар арасында 55 келі салмақ бойынша І орынды Мираида Русланбекова (Орал қаласы), ІІ орынды Дана Асанова (Орал қаласы), ІІІ орынды Рысгүл Русланбекова (Орал қаласы) иеленсе, 65 келіде Аяулым Құрашива (Орал қаласы) І орын, Дильназ Абукагимова (Орал қаласы) ІІ орын, Арудана Амангелдиева (Сырым ауданы) ІІІ орын алды. +65 салмақ дәрежесінде І орынды Меруерт Байниязова (Орал қаласы), ІІ орынды Альбина Қали (Орал қаласы), ІІІ орынды Дана Бекеева (Орал қаласы) алды.

IMG-20240210-WA0069

60 келі салмақта І орын Айдар Құдайберген (Орал қаласы), ІІ орын Сәулет Есенғабыл (Жаңақала ауданы), ІІІ орынды Нұрдәулет Табылдиев (Жаңақала ауданы) иеленсе, 70 келіде Мерей Талапқали (Орал қаласы) І орын, Рысдәулет Амангелдиев (Бөкей Орда) ІІ орын, Аян Сағынов (Ақжайық ауданы) ІІІ орын алды.

IMG-20240210-WA0070

80 келі салмақ дәрежесінде І орын Арман Кеннеликов (Орал қаласы), ІІ орын Ерсұлтан Талғатов (Сырым ауданы), ІІІ орынды Жандарбек Ниязов алды.

+80 келіде Рахат Көшкенғали (Орал қаласы) І орын, Алексей Зарубин (Байтерек ауданы) ІІ орын, Ринат Камен (Ақжайық ауданы) ІІІ орынды иеленді.

2006-2008 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасында Әлібек Құрмағазиев (Теректі ауданы) І орын, Ерхан Молдағалиев (Орал қаласы) ІІ орын, Әлішер Меңдібай (Жаңақала ауданы) ІІІ орынды иеленсе, 55 келі салмақта І орын Арсен Ғабдрахманов (Бөкей Орда ауданы), ІІ орын Ержан Мерген (Қаратөбе ауданы), ІІІ орынды Ерген Қарес ( Бөкей Орда ауданы) місе тұтса, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша І орын Елмұрат Сабитов (Ақжайық ауданы), ІІ орын Нұржігіт Асқар (Казталов ауданы), ІІІ орынды Асхат Нығметов (Орал қаласы) иеленді. 65 келіде Рүстем Жәдігер (Сырым ауданы) І орын, Әлімжан Қадыров (Жәнібек ауданы), Ұлан Ерсайын (Қаратөбе ауданы) ІІІ орынды алса, 70 келі салмақ бойынша І орын Арман Серік (Қаратөбе ауданы), ІІ орын Төлеуберді Жолдан (Қаратөбе ауданы), ІІІ орынды Бейбіт Болат (Орал қаласы) алды. 75 келі салмақта Жалғас Берікғалиев (Орал қаласы) І орын, Дидар Құрманбай (Сырым ауданы) ІІ орын, Дмиртрий Лунев (Байтерек ауданы) ІІІ орынды иеленсе, 80 келіде І орынды Әлихан Берікқали (Жәнібек ауданы), ІІ орын Арнат Серіков (Жаңақала ауданы), ІІІ орынды Әділжан Жомарт (Казталов ауданы) алды.

IMG-20240210-WA0073

+80 келі салмақ бойынша Аликамал Аршынбеков (Байтерек ауданы) І орын, Исабек Оңғарбаев (Орал қаласы) ІІ орын, Руслан Құлқанов (Байтерек ауданы) ІІІ орын алды.

IMG-20240210-WA0071

Қыздар арасында 50 келі салмақ дәрежесі бойынша І орын Айлана Аменова (Орал қаласы), ІІ орын Виктория Бслянина (Байтерек ауданы), ІІІ орынды Жолдықыз Есқалиева иеленсе, 55 келі салмақта Мирай Ислямғали (Орал қаласы) І орын, Ақнұр Жоламанова (Теректі ауданы) ІІ орын, Аружан Тлекова (Сырым ауданы) ІІІ орын алды. 60 келіде Гүлсезім Төлеген (Орал қаласы) І орын, Милана Утеева (Орал қаласы) ІІ орында иеленсе, 65 келіде І орын Гаухар Рустамова (Сырым ауданы), ІІ орын Нұрсана Шакрикова (Жаңақала ауданы), ІІІ орынды Аида Құбай (Қаратөбе ауданы) алды. 70 келі салмақ дәрежесінде Алинура Маратова (Орал қаласы) І орын, Алтынгүл Бақтығалиева (Теректі ауданы) ІІ орын, Жанэль Мұратова (Қаратөбе ауданы) ІІІ орынды мүсе тұтса, +70 салмақта І орын Аружан Қайыржан (Орал қаласы), ІІ орынды Гүлбақыт Әнуар (Казталов ауданы) иеленді.

IMG-20240210-WA0072

Айта кету керек, чемпионатқа жас аналарда қатысты.

Гүлнұр Бөлешова, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале