21.06.2023, 16:46
Оқылды: 21

Кеңесте бес мәселе талқыланды

Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлердің қоғамдық кеңесі өтті.

IMG_2493

Кеңес отырысында Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Мұханов, Құрылыс жүргізу кезінде жеке кәсіпкерлерден жиі кететін қателер мен олардың алдын алу шаралары туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сәния Омарова, Кәсіпкерлік субъектілеріне жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрғындарды жұмыс орындарына тарту туралы және «Бизнес-бастау» оқыту курсын ұйымдастыру туралы  аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры М.Қажыгереев, Қатты тұрмыстық қалдықтарды тазалау бойынша жұмыс турасында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Б.Муса атқарылған жұмыстарды баяндап, алда тұрған жоспарлар мен міндеттерге тоқталды.

IMG_2498

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Мұқановтың айтуынша, 1 мамырдағы мәліметке сәйкес, аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің тіркелген саны 1055 бірлік, шағын кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жасайтын адам саны статистикалық ақпарат бойынша 1270 болып отыр.

Экономикалық өсім қарқынына әсер ететін негізгі факторлардың  бірі ауданға инвестиция тарту.

1 мамырға дейін негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 373,5 млн теңгені құраған. Өткен жылғы тиісті кезеңге 127,5 пайызға артып отыр. Биылға арналған негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі нысаналы индикаторға қол жеткізу бюджеттік жобалар және ірі жеке инвестициялық жобалар есебінен жоспарланған.

IMG_2504

Биыл құны 10 миллионнан жоғары жалпы құны 225 млн.теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ашылатын жаңа жұмыс орны – 25 адамды жұмысқа тартады. Бүгінгі таңда жалпы құны 140 млн теңге болатын 5 жоба іске қосылып, 12 жаңа жұмыс орны ашылған.

 – Шағын және орта бизнес ол – кез келген елдің экономикасының негізі. Кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасын көтерудің, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудың бірден бір көзі.

  2021-2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңа бизнес идеяларды іске асыру» бойынша қазіргі таңға 58 адам бастау бизнес жобасына кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 18 адам 24 840 000 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды.

Аграрлық несие корпорациясы АҚ арқылы жастарға 2.5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін берілетін несиені алу үшін ауданның 10 жасы құжаттарын тапсырып, 1 адам 5 млн теңге көлемінде несиесін алды. Бұл жерде несиені жұмыссыз жастар және жұмыс жасайтын, жасы 35-ке дейінгі жастар ала алады, - деді баяндамасында аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Мұратұлы.

 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға сәйкес, жастар және зейнет алды жастағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады.

Атап айтсақ, «Әлеуметтік жұмыс орындары» «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары.

Жоба бойынша былтырғы жылға қарағанда биыл субсидиялау  мерзімі 18 айға ұзартылған. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыз адам кемінде 12  ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылады.  Ауданға 20 адам  жоспарланып, бүгінгі күнге 5 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, 5 адам жолданды.

 «Күміс жас» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес, 50 жастан асқан адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары «Күміс жас» жобасы шеңберінде де құрылады. Қатысу мерзімі «Күміс жас» жобасы бойынша 36 айдан аспайды.

- «Күміс  жас» жобасына Ұлттық қор есебінен 11 488,0 мың теңге  қаражат бөлінді (жоспар 15 адам). Бүгінгі күнге 10 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, 15 адам жолданды, - деді сала басшы Махамбет Қажыгереев.

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сәния Омарова сала бойынша атқарылған жұмысты баяндап, аудан кәсіпкерлері тарапынан жиі кететін қателіктерге және олардың алдын алу, заң шеңберінде жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

С.Шайжанқызы пайдаланып отырылған нысандардың заңдастырылуы міндетті екендігін кәсіпкерлер назарына салды.

Жиналысқа қатысушы кәсіпкерлер салынатын нысан үшін жоба жасатуға төленетін қаржының тым қымбат екендігін айтты.

 Қатты тұрмыстық қалдықтарды тазалау бойынша жұмыстарды  баяндаған Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Берікқали Муса қазіргі таңда бұл жұмысты «Бақыт жолдары» ЖШС жүргізіп жатқанын, алдағы қыркүйек айынан бастап көрестілетін қызмет үшін тұрғындар отбасының әрбір мүшесі үшін 184 теңгеден төлейтіндігін, кәсіпкерлер мен мекемелер аталмыш серіктестікпен өзара келісім шарт жасасуы міндетті екендігін айтты.

 Кәсіпкерлер тазалыққа, берілетін несиелерге байланысты сауалдар қойды. Сауда нысандарының тазалығын қалыпты сақтап отыру үшін контейнерлердің екі күнде бір төгіліп, тазартылып тұруы қажеттігін, кәсіпкерлік нысандарды контейнермен қамтасызу ету мәселелерін алға тартты.

         –  Аудан орталығына 128 контейнер орналыстырылды. Полигонды жайластыру, көше контейнерлерін тазартып отыру жұмыстарын «Бақыт жолдары» жауапкершілігі сенімгерлік басқаруға алып, шарт жасасты. Қатты қалдықтар салынатын шәшіктер жоқ аудан орталығының шеткі көшелеріне алдағы уақытта контейнерлер орналастыруды жоспарлап отырмыз, - деді ауыл әкімі Б.Муса.

        Отырысты қортындылаған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы отырыстың күн тіртібіндегі кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты жою, ауыл тазалығын сақтау бүгінгі күннің басты талабы екендігін, бұл жұмысты жүргізуде отырыста біраз мәселе талқыланғандығын, кәсіпкерлер тарапынан айтылған сауалдар мен ұсыныстардың ескерілетіндігін, бұлардың бәрі атқарылуға міндетті баршаға ортақ іс екендігіне тоқталды.

                                                                               Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале