10.06.2021, 10:06
Оқылды: 115

Кітап оқыған озды

Ақсуат орта мектебінде "Бақытты балалық шақ" мерекелік шарасы оздырылды. Ойын-қызыққа толы мерекеде балаларға тәттілер таратылды.

F3A73E7F-963B-44BF-BE4A-69CE3EC8C2E6

Бұл күні ақсуаттық балғындар жыл бойы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жүрген "Ең үздік оқырман" байқауының қорытындысын естіді.

Құттықтау сөз алған мектеп директоры Е.Жұбаниязов үш буын аралығында – бастауыш 2-4, орта буын 5-6 және 7-9 сыныптар арасында өткен байқау жеңімпаздарын жариялады.

Демеушілер: "Белес-Агро" ЖШС коммерциялық директоры Талгат Құбаев, мектептің 1994 жылғы түлектері, "Кұбай" шаруа қожалығы, «Пойма май зауыты» және мектептің кәсіподақ ұйымына алғыс айтқан ол жеңімпаздарға жүлделер табыс етті.

"Ең үздік оқырман" байқауында мектеп бойынша І орын алған оқушылардың жүлдесі – су жаңа спорттық велосипедтер.  ІІ орын алған оқушыларға сымсыз құлаққаптар, ІІІ орын алған оқушыларға powerbank сыйға тартылды. Ал байқауға  белсенді қатысқан оқырмандарға құлаққаптар берілді.

Гүлстан Сатыбалдиева,

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале