9.02.2023, 14:30
Оқылды: 33

Кітап оқығанға - сүбелі сыйлық

Бүгінде  «Оқуға құштар мектеп» жобасы ешкімге таңсық емес. Барлық мектепте оқушылардың кітап оқуға деген ынталарын арттыруда бірқатар шара қолға алынуда.

dfd7479f-8de6-48f8-9a19-457fe7d91eda

Бірақ Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылындағы балақайлардың белсенділігі ерекше болғалы тұр. Бұл жобаға тек мектеп әкімшілігі ғана мүдде танытып отырған жоқ. Ауылдың ауқатты азаматтары да кітап оқыған баланы марапаттамақшы. Марапаттағанда қандай?! Берілген жиырма кітапты оқып, сол кітаптар мазмұны бойынша құрылған тесттен сүрінбей өткен оқушыларды сүбелі сыйлықтар күтіп тұр. Ол сыйлықтардың ішінде велосипед те, соңғы үлгідегі құлаққап пен «Samsung» ұялы телефоны, қалта қуаттағашы, самокат, шахмат, үстел ойындары бар. Сыйлықтар жоғары сынып, орта және бастауыш сыныптарға бөлек-бөлек тағайындалған. Жүлде қорын ауыл жастары мен «Бағлан» шаруа қожалық иесі Болат Қожанов тағайындап отыр.

8df73e17-bd7c-4369-971e-d0bdf4a92b94

- Жалпы ауыл азаматтары мектепке үлкен қолдау көрсетіп отыр. Өткен жылдың желтоқсанында «Балалар жылы» қорытындылады.   Облыстық, аудандық жарыстарда оза шауып, мектеп, ауыл мәртебесін асқақтатқан 20 үлгілі оқушы анықталып марапатталды. Осы оқушыларға қомақты қаражат жұмсап, бағалы сыйлықтармен марапатталуына ауыл азаматы, «Арон» ШҚ жетекшісі Ерқанат Сатыбалдиев демеушілік танытқан еді. Өскелең ұрпақты ынталандырып, болайын деп тұрған баланы белінен бууға дайын тұратын ауыл азаматтарына алғысымыз шексіз, - дейді мектеп директорының орынбасары Жаңылсын Отарбаева.

 

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале