29.02.2024, 17:21
Оқылды: 13

Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды

Екі қолға бір күрек табылса, маңдайымыз жарқырап, тұрмысымыз да түзелері - хақ. Жәнібек ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі де осы. Жұмыс таппай сенделген халық кімнен көмек сұрайды? Жалпы жұмыспен қамту жолға қойылған ба? Осы сауалдардың тез арада шешімін тапсақ, тұрмыстық жағдайымыз да жолға қойылатын еді.

408937356_954875503308791_4665189852214470_n

Осы орайда Жәнібек ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандық мансап орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Жәнібек ауылы әкімдігі, аудандық мәдени-демалыс орталығы, «Батыс Қазақстан ЭЖТК» мен «Символ» ЖШС-ның мамандары келіп, тұрғындарды қабылдады. Аудан прокуратурасының прокуроры Арман Пазылбек, мансап орталығының директоры Миранбек Ибатов, жеке сот орындаушысы Алмас Дәуітов жәрмеңкеге үмітпен келген халыққа жол көрсетіп, кеңестерін берді. Ендігі кезекте тұрғындардың сұранысы орындалып, мекемелер іші тиісті маманға толса, ғанибет!

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале