26.05.2024, 10:30
Оқылды: 2

Қошанкөл ауылдық округі әкімін сайлау жалғасуда

Сайлауда байқаушылардың да белсенділігі артып, сайлаудың әділ өтуін бақылауда. №232 сайлау учаскесінде Азаматтық альянс атынан байқаушы болып жүрген Рая Құмарғалиева халықтың сайлауға қатысты пікірін білдірді.

02

- Сайлау учаскелері өз жұмысын бастаған уақыттан бастап сайлаудың өтуін бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі уақытта ешқандай заңбұзушылық анықталмады. Халықтың да сайлауға қатысуы жақсы. Дегенмен, әлі де болса тұрғындардың белсенділігін арттыру керек. Әкімдерді халықтың сайлауына мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан халық сайлауға жауапкершілікпен қарағаны жөн, - деді ол.

Бірінші болып дауыс берді

Қошанкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы басталған сәттен ерте келіп, азаматтық белсенділігін таныту арқылы №232 сайлау учаскесінен ең бірінші дауыс берген  сайлаушы, Қошанкөл ауылының байырғы тұрғыны, округтегі аналар кеңесінің төрайымы Баян Ихсанова анамыз. Ол таңғы сағат 7:00-де сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

InShot_20240526_163856072

Ауыл тағдырына алаңдап, өзіне берген мүмкіндікті тиімді пайдалана білген сайлаушының таңдауы оңынан болсын дейміз.

Алғаш рет өз таңдауын жасады

Бүгінгі сайлауға алғаш рет дауыс беруге келген жас сайлаушы – Армат Михайдарұлы.

InShot_20240526_163219146

- Бүгін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш рет өз таңдауымды жасадым. Бұл менің өмірімдегі маңызды шешімдердің бірі деп білемін. Себебі ауылымның болашағы үшін маңызды шешім қабылдау әр ауыл тұрғынының міндеті. Мен дауыс бергеніме қуаныштымын, - дейді жас сайлаушы.

Үміткер таңдау жасады

Қошанкөл ауылдық округіндегі сайлау учаскелерінің жұмысы қызу. Сайлаушылардың белсенділігі де жоғары. № 232 сайлау учаскесіне округ әкімінен үміткер Айымгүл Сабирова келіп, дауыс берді.

InShot_20240526_163152122

- Сайлауға келіп өз таңдауымды жасадым. Қос азамат та лайықты үміткерлер. Кім әкім болса да халқымыздың бірлігі мен ауылымыздың өркендеуі жолында адал қызмет етсін! Сайлау әділ өтеді деп сенемін, - деді үміткер.

Ел ағалары дауыс берді

Қошанкөл ауылдық округіндегі әкім сайлауына ауданымызға танымал, елге сыйлы ел ағалары келіп, дауыс берді.

InShot_20240526_163127913

Ұлттық болмысымызды насихаттайтын қазақи нақыштағы киім киген ақсақалдарымыз Мендіхан Халықұлы мен Марат Биғалиев жұбайларымен бірге ауылдың болашағы үшін таңдау жасады.

Бұл азаматтар әркез елдің алдында жүріп, қоғамға ортақ мәселелерді шешуде өз үлестерін қосуда.

Әжелер болашаққа алаңдайды

№232 сайлау учаскесіне «Ақ кимешек» әжелер ансамблінің мүшелері келіп, таңдаған кандидаттарына дауыс берді.

01

Ақ кимешекті бастарына тағып, комзолдарын киіп, ән шырқаған әжелердің бейнесі айналаны нұрға бөлегендей.

- Біз округіміздің басқарған бұрынғы әкімге ризамыз. Ел атынан алғыс айтамыз. Елдің бірлігін ыдыратпай, халық үшін біраз жұмыстар жасады. Ал енді сайланатын әкімнен де үмітіміз зор. Сайлау әділ өтіп, лайықты азамат сайлансын! - деп ағынан жарылды әжелеріміз.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале